Қазақстан мен Қытай шекарасындағы кептеліс: мәселе қалай шешілді
Опубликовано:
Қазақстанның Көлік министрлігі арнайы бланкілердің жоқтығы салдарынан Қытаймен шекарада орын алған ұзын-сонар кезекке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қытай тарапымен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Соңғы сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді", - делінген ресми хабарламада.
Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясын алмасу 13 қазанда болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2296386-qazaqstan-men-qytai-shekarasyndagy-keptelis-masele-qalai-sheshildi/