jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістандық тұрғын анасына бауырының бір бөлігін беріп, өмірін сақтап қалды (видео)

Ота үстелі
Ота жасап жатқан сәт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан тұрғыны анасына бауырының бір бөлігін беріп, анасын құтқарып қалды. Күрделі ота облыстық клиникалық ауруханада сәтті жасалған, деп хабарлайды almaty.tv.

Бұл — өңірде бауыр трансплантациясы бойынша өткен екінші ота. 54 жастағы әйелге бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ұзақ уақыт ем қабылдағанына қарамастан, оның жағдайы қиындай беріпті. Сол кезде 24 жастағы ұлы еш ойланбастан анасына бауырының бір бөлігін беріп, оны ажалдан арашалап қалған.

Ал Лесбек Бейтанов гемодиализге тәуелді 26 жастағы ұлының өмірін сақтап қалу үшін бір бүйрегін беруге шешім қабылдады. Медициналық тексеруден сәтті өткен ол, донор болуға ресми рұқсат алды. Қазір әке мен балаға ота алдында психологиялық қолдау көрсетіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.

"Анализдер, бәрі дұрыс шықты. Тексерудің бәрінен өттік. Дұрыс сәйкес келгеннен кейін беруге ризашылығымды бердім. Баламның өміріне алаңдадым. Жас, әлі бойдақ. Өмірін беріп, жақсы болып кетуіне үлес қосқым келеді", – деді донор Лесбек Бейтанов.

Облыстық клиникалық аурухана базасында жыл басынан 37 бүйрек, 2 бауыр трансплантациясы жасалыпты. Жыл соңына дейін тағы 4 ота жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, медициналық жетістіктер донорлыққа қатысты қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.

"Бізде мәйіттік трансплантация дамитын болса, күту парағындағы науқастардың саны азаятын еді. Қазіргі жағдайда күту парағында 4 мыңнан астам азамат тұр. Олардың барлығының туыстарында сәйкес келетін донор жоқ деген сөз", – деді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков.

Бүгінде ағза ауыстырудың 90 пайызы тек туыстар арасында жасалып келеді. eGov порталындағы сауалнамада 10 мыңнан аса адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берсе, 112 мыңнан астамы мүлдем бас тартқан.

Түркістандық тұрғын анасына бауырының бір бөлігін беріп, өмірін сақтап қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.