jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда пәтерінде 20-ға жуық мысық асырап отырған кейуана көршілерінің мазасын қашырды

Мысықтар
Мысықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда жалғызбасты кейуана бір бөлмелі пәтерде 20-ға жуық мысық асырап, маңайының мазасын алды. Жұрт есік-терезені ашпақ түгілі, ауланың өзінде еркін тыныстаудан қалғанын айтып, шағымданып отыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Тұрғындарды жалғызбасты көршісі мезі қылған. Пәтерде тұратын әжей бастапқыда бір ғана мысық асыраса, соңғы бес жылда үй жануарларының саны жиырмаға жуықтапты. Соның кесірінен тазалық деген атымен жоқ. Қала берді, айналаны сасық иіс басқан.

"Әжей үйінде 17 мысық асырайды. Екі күн бұрын пәтеріне кіріп көрдім. Ішінде адам тұрады деп айта алмайсың. Сұмдық! Не мысықтарына, не үйіне қарауға шамасы жоқ. Сасық болғаны соншалық, иісі бүкіл үйге жайылған. Тазалық жоқ жерде ауру да тарайды ғой", - дейді тұрғын Анастасия Радаева.

Пәтерден қоқыс та талайдан бері шығарылмаған. Соның кесірінен шыбын қаптаған. Қазір, әсіресе төменгі қабатта тұратындардың мазасы қашып отыр.

"Жазда үйдің төбесінен қара су ақты. Бәрін жөндеп, үстімдегі көршіге бардым. Үйін көріп шошыдым. Адам тұратын жер емес сияқты. Мысықтар еденге үлкенді-кішілі дәретіне дейін сындырған. Бір шара қолдану керек", - дейді өзге тұрғын Ирина Лобода.

Көршілері талай рет 102 шақырған. Поицейлер пәтер иесіне тек айыппұл сала алатынын айтыпты. Кезекті рет келген тәртіп сақшыларына кейуана есігін ашпай қойды. Полиция департаменті тұрғындарға бірлесіп арыз жазу керек екенін айтады. Тек содан кейін қораға айналған қаланың қақ ортасындағы пәтерді тексеруді санитария-эпидемиологияны қадағалау департаментінің мамандарына тапсырмақ.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Алматыда пәтерінде 20-ға жуық мысық асырап отырған кейуана көршілерінің мазасын қашырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.