jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Семейде жоғалып кеткен 11 жасар қыз бала қырағы тұрғынның арқасында аман-есен табылды

табылған қыз бала және полиция қызметкері
Табылған қыз бала және полиция қызметкері. Фото: t.me/dp_abai

Семейде жоғалып кеткен 11 жасар қыз бала қырағы тұрғынның арқасында аман-есен табылып, ата-анасымен қауышты. Жасөспірімді іздестіру жұмыстарына 200-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды Абай облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, 3 қарашада сағат 18:30 шамасында "102" арнасына 11 жасар қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жасөспірім сабақтан кейін үйіне оралмаған.

Ата-анасының айтуынша, сағат 13:00-де ол сабақта болуы керек еді, алайда сол күні сабақ болмағандықтан, үйге өзі қайтпақ болған.

Кейін белгілі болғандай, қыз бала жергілікті жерді жақсы білмегендіктен, адасып қалған.

Жасөспірімді іздеуге қала полициясының барлық қызметі жұмылдырылған. Жедел іздестіру топтары аулаларды, көшелер мен қоғамдық орындарды аралап, қыз баланың жүріп өтуі мүмкін бағыттарын тексерген.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда жасөспірім әртүрлі көшелерде байқалған және жаңа деректер түскен сайын полиция күші сол бағыттарға шоғырландырылып отырған.

Қала тұрғыны Фариза есімді азаматшаның қырағылығы мен қамқорлығының арқасында жасөспірім аман-есен табылып, үйіне жеткізілген.

Семей қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Абдығалиев азаматтық жауапкершілік танытқан Фаризаға алғысын айтқан. Жақын күндері Фариза полиция басшылығының алғыс хатымен марапатталады.

Ал аман-есен табылған қызымен қауышқан ата-анасы полиция қызметкерлеріне, көмек көрсеткен барлық жанға шексіз ризашылығын білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семейде мектептен кейін үйіне оралмаған қыз баланың іздестіріліп жатқанын жазған едік. Полиция хабарламасында қыз баланың ерекше екені, үнемі назар мен күтімді қажет ететіні айтылған еді.

Семейде жоғалып кеткен 11 жасар қыз бала қырағы тұрғынның арқасында аман-есен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.