jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда тағы бір мердігер лицензиясынан айырылды

асфальтты бұзып жатқан жұмысшы
Асфальтты бұзып жатқан жұмысшы. Иллюстрациялық фото: Jens Büttner/Picture Alliance/Getty Images

Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Қала құрылысын бақылау басқармасы СК MEGARON ЖШС-ға қатысты қабылданған шаралар туралы хабарлаған.

Компания Б.Хмельницкий көшесінен бастап Тәжібаев, Бакинская, Физули көшелері арқылы Майлин көшесіне дейінгі су құбыры желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ Мыңбаев және Манас көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын орындаған.

"Алатау ТН" ЖШС техникалық қадағалауының өтініші негізінде басқарма тарапынан мердігерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты СК MEGARON ЖШС-нің құрылыс лицензиясы кері қайтарылды", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері бұған дейін де Алматыда екі компания – СК 7 строй ЖШС және AsiaMax ЖШС құрылыс лицензияларынан айырылған еске салды.

Алматыда тағы бір мердігер лицензиясынан айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.