jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қыс маусымына дайындық: Алматыда веложолақтар бойындағы боллардтар алынып жатыр

Веложолақтар бойындағы боллардта
Веложолақтар бойындағы боллардтар. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда веложолақтар бойына қойылған сигналдық боллардтар алынып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл жолдарды қар мен мұздан кедергісіз тазалау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

"Уақытша қоршауды алып тастау коммуналдық қызметтерге механикалық тазалау жұмыстарын тиімді атқаруға, жол жиегінде қар үйінділерінің пайда болуын болдырмауға және қозғалысқа қатысушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар велоинфрақұрылым сақталып, қызметін жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары мен стандарттарына сәйкес жалғастыра береді", - делінген хабарламада.

Осы орайда Жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасы көлік жүргізушілер мен жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Боллардтарды алу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталады.

жол бойы
Жол бойы. Фото: Алматы әкімдігі

Қыс маусымына дайындық: Алматыда веложолақтар бойындағы боллардтар алынып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.