jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Ақмола облысында көктайғаққа қарамастан, жолға шыққан мыңнан аса жүргізуші қайтарылды

Жолдағы көліктер
Жолдағы көліктер. Видеодан кадр: Instagram/aqmola_pd

Ақмола облысында көктайғақтың алғашқы күнінде мыңнан астам көліктің қозғалысы шектелді. Ауа райына қарамастан, жазғы дөңгелекпен жолға шыққан жүргізушілердің барлығы кері қайтарылды, деп өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауа райының күрт нашарлауына және көктайғақтың болуына байланысты Ақмола облысының полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Бұл күні аймақ жолдарындағы қауіпсіздікті 200-ге жуық патрульдік полиция қызметкері қамтамасыз етті.

Полиция ақпараты бойынша, тек бірінші күні 1064 көліктің қозғалысы шектелген. Жүргізушілер ескертулерге қарамастан, жазғы шиналармен жолға шыққан.

Мұндай жағдайлардың дені облыстық және республикалық трассаларда кездесті – барлығы 430 факт тіркелді. Көкшетау облыстық орталығында 100-ге жуық жағдай тіркелсе, қалғандары аудандық жолдарда болды.

"Бірнеше рет ескертуге қарамастан, көптеген жүргізуші жазғы шинамен шығуға тәуекел етті. Қабылданған шаралар мен патруль жұмыстарының арқасында бұл күні бірде-бір ЖКО тіркелген жоқ және зардап шеккендер немесе қаза тапқандар болмады", - деп атап өтті Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Абуталипов.

Айта кету керек, полицейлер жолдарда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге де көмек көрсетті.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін автоның дөңгелегін уақытылы "ауыстыруға", жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтауға, ал қолайсыз ауа райы жағдайында ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.

Ақмола облысында көктайғаққа қарамастан, жолға шыққан мыңнан аса жүргізуші қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.