Күн райының бұзылуына орай екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Опубликовано:
4 қарашада ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық жолдарда автокөлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компанияның ақпаратына сәйкес, сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы:
- ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы 427-587 шақырымы, (Кенжекөл ауылы — Абай облысы шекарасы);
Абай облысы:
- ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы 587-733 шақырымы, (Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы);
ҚазАвтоЖол көлік қозғалысы 5 қараша күні сағат 07:30–да қайта жандануы мүмкін екенін хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2305083-kun-raiynyng-buzyluyna-orai-eki-ongirde-kolik-qozgalysyna-shekteu-qoiyldy/