jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада 101 мен 112 қызметтері біріктірілді

112 орталығы
112 орталығы. Фото: ТЖМ

Астанада 101 және 112 қызметтері біріктіріліп, бірыңғай жедел ден қою жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 112 қызметінің Жоспарлау және жедел басқару орталығында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде жабдықтар жаңартылып, заманауи цифрлық байланыс құралдары енгізілген, қалалық "Сергек" бейнебақылау жүйесімен біріктірілген бейнеқабырғалары бар бірыңғай операторлық зал құрылған.

Тәулік бойы кезекшілік пен қызметкерлердің демалысына арналған үй-жайлар жаңартылған. Бұл қоңырауларды өңдеу жылдамдығын арттыруға және жедел қызметтердің үйлесімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.

ТЖМ дерегінше, жыл сайын 112 диспетчерлері елорда тұрғындарынан шамамен 750 мың қоңырау қабылдайды.

"Біз бірыңғай әрі заманауи ден қою жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бірінші Астана қаласында, кейін бұл модель еліміздің барлық өңірінде енгізілетін болады. Біздің міндетіміз адамның қай жерде екеніне қарамастан, әрбір қоңырауға жедел әрі кәсіби жауап беру", - дейді ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов.

101 және 112 қызметтерін кезең кезеңімен біріктіру 2026 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта нормативтік құжаттарды әзірлеу және әмбебап диспетчерлерді даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астанада 101 мен 112 қызметтері біріктірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.