Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді
Опубликовано:
Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Павлодар мен Қызылорда облыстарындағы тасжолдарында көліктердің жүруіне тыйым салынды.
Павлодар облысында:
2 желтоқсанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты ө/п )" автожолының 0-112 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар қаласынан – РФ шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 3 желтоқсан күні сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысында:
Сағат 20:00-де Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін) қоғамдық және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолды ашу 3 желтоқсанда сағат 05:00-де жоспарланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2315586-qazaqstannyng-eki-ongirinde-kolik-qozgalysy-shekteldi/