jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Мәдениет министрлігінің өкілдері Кенесары ханның басын елге қайтаруға қатысты пікір білдірді

Кенесары хан ескерткіші
Кенесары хан ескерткіші. Фото: culturemap.kz

Мәдениет пен ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов сенат дәлізінде берген сұқбатында Кенесары ханның басы қайда болуы мүмкін екенін және оны Қазақстанға қайтару мүмкінідігі туралы айтты. Бұл туралы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айбек Сыдықов Кенесары ханның басы қайда екенін білмейтінін жеткізді.

"Бұл сұраққа дәл қазір нақты жауап беру қиын. Өйткені Кенесары ханның басы нақты қай жерде екенін айта алмаймыз. Бізде ондай нақты, дәлелді ақпарат жоқ", - деді вице-министр.

БАҚ өкілдері артефактінің мәдени маңыздылығын ескере отырып, оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр ма деп сұрады. Сыдықов зерттеулер әлі жалғасып жатқанын айтты.

"Бұл тек Кенесары ханның басына қатысты емес. 2004–2006 жылдары және кейінгі кезеңдерде мәдени мұраны іздестіруге арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар болды. Біздің ғалымдар шетелге шығып, музейлерде, архивтерде, кітапханаларда жұмыс істеді. Көптеген архивтік құжаттардың көшірмесі Қазақстанға жеткізілді", - деді Сыдықов.

Мәдениет министрлігінің өкілдері Кенесары ханның басын елге қайтаруға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.