Ақтөбе әуежайы тұман салдарынан бірқатар рейс тоқтатылып, кейінге шегерілгенін хабарлады
Опубликовано:
2 желтоқсанда Ақтөбе әуежайында тұман салдарынан рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді. Қолайсыз ауа райы болғандықтан бірқатар рейс кейінге шегеріліп, кейбірі тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" 2 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейстердің кешіктіріліп, кейінге шегерілгенін және тоқтатылғанын хабарлады.
Тоқтатылған рейстер
• IQ 399 Астана - Ақтөбе (Qazaq Air). Жоспарлы ұшу уақыты - 10:40. Рейсті әуе компаниясы тоқтатты.
• KC 977/978 Астана - Ақтөбе - Астана (Air Astana). Рейс қолайсыз метеожағдайға байланысты тоқтатылды.
• PC 240/241 Стамбул - Ақтөбе - Стамбул (Pegasus Airlines). 04:55-те ұшуы тиіс рейс алдымен 12:40-қа дейін кешіктірілді. Кейін Ақтау әуежайына жіберіліп, соңында әуе компаниясы оны тоқтатты.
Кешіктірілген рейстер
• KC 863/864 Алматы - Ақтөбе - Алматы (Air Astana). Ақтөбеден жоспарланған ұшу уақыты - 13:20. Кешігу - 3 желтоқсан 06:40-қа дейін.
• SM 885/886 Шарм-эль-Шейх - Ақтөбе - Шарм-эль-Шейх. Жоспарлы уақыты - 09:25. Рейс 13:20-ға дейін кешіктіріліп, Ақтөбеден 14:16-да ұшып шықты.
• DV 721/722 Астана - Ақтөбе - Астана (SCAT Airlines). Жоспарлы уақыт - 20:00. Ұшу 21:00-ге дейін кейінге шегерілді.
• DV 711/712 Алматы - Ақтөбе - Алматы (SCAT Airlines). Жоспарлы уақыт - 21:50. Ұшу 22:20-ға шегерілді.
• IQ 385/386 Астана - Ақтөбе - Астана (Qazaq Air). Жоспарлы уақыт - 22:40. Рейс 02:30-ға дейін кешіктірілді.
• FS 7191/7192 Алматы - Ақтөбе - Алматы (FlyArystan). Жоспарланған ұшу уақыты - 00:15. Негізгі ұшу - 02:15.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2315622-aqtobe-auezhaiy-tuman-saldarynan-birqatar-reis-toqtatylyp-keiingi-shegerilgenin-habarlady/