jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жайықтың оң және сол жағы: Атырау қаласы екі ауданға бөлінуі мүмкін

Атырау қаласы
Атырау қаласы. Фото: primeminister.kz

Жергілікті билік Атырау қаласын екі әкімшілік ауданға бөлу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қайрат Нұртаевтың айтуынша, бұл бастама қаланың жылдан жылға үлкеюіне байланысты қолға алынған.

Ресми статистика бойынша, бүгінде облыс орталығында 391 мыңнан аса адам тұрады.

Қайрат Нұртаев қазіргі уақытта облыс орталығының бас жоспарына өзгеріс енгізіліп жатқанын, 2040 жылға дейін қаланың даму бағыты осы құжатта көрсетілетінін жеткізді.

"Бас жоспарға сәйкес қазір қаланың аумағы 45 мың гектар, жаңа жоспарға сәйкес қала аумағы 57 мың гектарға дейін өседі деген мақсат бар.

Қаланы Жайықтың оң және сол жағы деп, екі ауданға бөлу мәселесі қаралып жатыр. Қаланы екі ауданға бөліп, Астана, Алматы сияқты қалаларындағыдай жасау жоспарда бар", - деді Қайрат Нұртаев.

Облыс әкімі орынбасары қалалық әкімдікке барлық аумақты қамту ауыр екенін, сондықтан мұндай ұсыныс қарастырылып жатқанын атап өтті.

Жайықтың оң және сол жағы: Атырау қаласы екі ауданға бөлінуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.