"Жаңбыр, қалың қар": синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Опубликовано:
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы туралы мәліметті жариялады. Болжамға сәйкес, күн жылынады, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жауады деп күтіледі.
10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман, жел күшейеді деген болжам бар.
11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2329692-zhangbyr-qalyng-qar-sinoptikter-qazaqstanda-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolatynyn-aitty/