jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін кадрлар қабылдау басталды: қандай мамандар қажет

LRT пойызы
LRT пойызы. Фото: instagram.com/cts_kz

Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін бірқатар лауазым бойынша кадрлар қабылдау басталды, деп хабарлайды CTS компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, кандидаттардың жоғары немесе арнаулы орта білімі (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электрлі техника немесе сабақтас бағыттар), сондай-ақ тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі болуы шарт.

Сонымен қатар жұмыс берушінің есебінен оқыту немесе біліктілікті арттыру ұсынылады. Оқу мерзімі – 4 айға дейін. Оқыту Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.

Кейін Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналастыру көзделген.

Компания мына салалар бойынша жұмыс ұсынады:

Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:

  • ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
  • күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
  • ғимараттарды жөндеу шебері.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:

  • техникалық жүйелер менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.

Мүлікті басқару бөлімі:

  • қойма менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • қойма шаруашылығы технигі.

Кешенді басқару бөлімі:

  • бөлім басшысы;
  • кешенді және оқу басқармасының менеджері;
  • өндіріс менеджері;
  • экономика менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
  • нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
  • станция ауысымының басшысы;
  • станция кезекшісі;
  • қауіпсіздік менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өндіріс диспетчері.

Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:

  • өндіріс диспетчері;
  • техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
  • жоспарлы жөндеу слесары;
  • жабдықтарды жөндеу слесары.

Пойыз бригадалары бөлімі:

  • қозғалыс менеджері;
  • жол техникасының аға машинисі;
  • жол техникасының машинисі.

Басқару және байланыс жүйелері қызметі:

  • қауіпсіздік менеджері;
  • байланыс шебері;
  • дабыл жүйесі шебері;
  • дабыл жүйесі технигі.

Электрлік-механикалық қызмет:

  • жөндеу шебері;
  • жөндеу слесары.

Электрлік жөндеу қызметі:

  • энергетик;
  • электр монтері.

Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:

  • жол монтері (қараушы);
  • көпір желісі монтері.
Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін кадрлар қабылдау басталды: қандай мамандар қажет

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.