jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қабырғалары, мұрны сынған: Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот басталды

Таяқ ұстаған қария
Көрнекі фото: Рixabay.com

Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

41 жастағы Алмас Садақбаевқа дәрменсіз күйде болған қарт әкесін "азаптады", сондай-ақ "денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді" деген айып тағылып отыр.

Сотта Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар да  куәлік берді. Ол видеоны айыпталушының әкесі қайтыс болғаннан кейін ғана көргенін айтты. Әкім оны әңгімеге шақырып, кездесуге учаскелік полиция қызметкерін де шақырған. Алайда Садақбаев әкесіне қорлық көрсеткенін жоққа шығарыпты.

"Эксгумация кезінде мұрын, дене жарақаттары, атап айтқанда, қабырғалары, мұрны сынғаны анықталған. Сараптамаға сәйкес, өлім себебі нақты анықталмады. Себебі өліктің шіріп кетуіне, яғни мерзімі өткеніне байланысты", – деді прокурор Нұрмахан Елшібаев.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, ұрып-соққан видеосы тараған еді. Көп ұзамай күдікті  әйелімен бірге қамауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында ер адам мен оның әйелі әкесін өлімші етіп ұрып-соқты деген күдікке ілінген.

Түркістан облысының бас имамы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады.

Қабырғалары, мұрны сынған: Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.