jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Жүкті әйелдер, қарттар және кәмелетке толмағандар": Қазақстанда рақымшылық аясында қанша адам бостандыққа шықты

Бостандық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылықтың іске асырылуы аяқталды. 15 мыңнан астам ұсыныс қаралып, 2 мыңнан астам адам жазадан босатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәліметтер Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соттар 15 970 ұсынысты қарады️ .Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды, олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар да бар. 11 мыңнан астам сотталғанның жазалау мерзімі қысқартылды.

Пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға қатысты материалдарды қарау нәтижесінде 2 888 адам жазадан босатылып, 7 600-ден астам сотталғанның жазалау мерзімі қысқартылды. Рақымшылық әртүрлі санаттағы адамдарды қамтыды: кәмелетке толмағандар, балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, мүгедектер және қарт адамдар. Бұл заң пенитенциарлық жүйеге түсетін жүктемені азайтып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етті. Босатылған барлық адамдар пробация қызметі тұрақты бақылауында болып, полицияның жеке есебіне қойылды.

Бостандыққа шыққан тұлғалар үшін қоғамға қайта бейімделу мен әлеуметтенуге бағытталған кешенді қолдау шаралары қарастырылған. Осы жұмыс аясында азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беру ұйымдастырылады.

Рақымшылық туралы заң сыбайлас жемқорлық, экстремистік немесе террористік сипаттағы қылмыстарды жасаған адамдарға, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға, азаптаулар жасағандарға және қылмысты қайталап жасаған рецидивистерге қолданылмайды.

Аталған заңды қолдану жазаларды орындау жүйесіндегі жүктемені азайтып қана қоймай, азаматтардың қоғамға қауіпсіз әрі тиімді түрде оралуына жағдай жасап, әлеуметтік әділеттілік пен адам құқықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

"Жүкті әйелдер, қарттар және кәмелетке толмағандар": Қазақстанда рақымшылық аясында қанша адам бостандыққа шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.