Астанада қатты аязға байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды
Опубликовано:
Астанада қолайсыз ауа райы салдарынан мектеп оқушылары қашиқтан оқитын болды. Бұл 0-9 сыныптардың бірінші ауысымында оқитын балаларға қатысты, деп хабарлайды қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар бөлігінде қар жауып, қолайсыз ауа райы болатынын хабарлаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2331039-erteng-astanada-0-9-synyp-oqushylary-qashyqtan-oqityn-boldy/