Алматыда қар жауып, аяз қысады: коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Опубликовано:
Алдағы күндері Алматыда қар жауып, сынап бағанасы төмендейді. Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні қар жауа бастайды, ол 17 қаңтар кешке дейін жалғасады. 16 қаңтарда түнгі және күндізгі ауа температурасы -5…-7 градус шамасында болады. Ал 17 қаңтарда түнде ауа температурасы -11…-13 градусқа дейін төмендеп, күндіз -7…-9 градус шамасында сақталады.
Тәулік бойы 1030 арнайы техника, сондай-ақ жеке ұйымдардан тартылатын 200 техника мен 2710 жол саласы жұмысшысы жұмылдырылады. Аула аумақтарын тазалау жұмыстарына 1790 жұмысшы мен 256 бірлік арнайы техника тартылады.
Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі 16 арнайы техника мен 50 қызметкерді тарта отырып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарабынан 53 арнайы техника мен 244 адамнан тұратын жеке құрам кезекшілік атқарады.
Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуын бақылау мақсатында тәулік бойғы кезекшілік енгізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2331678-almatyda-qar-zhauyp-aiaz-qysady-kommunaldyq-qyzmet-kusheitilgen-zhumys-rezhimine-koshti/