Полиция Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу жұмысын жалғастырып жатыр
Опубликовано:
Атырау областық ПД Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелері Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевты іздеу жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Атырау облыстық ПД-ның баспасөз қызметі атап өткендей, іздеу тек азаматтар табылған кезде тоқтайды. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта бұл жұмысқа ТЖД қызметкерлері араласып жатқан жоқ. Яғни бұл құрылым тарапынан іздеу тоқтаған.
Полиция департаменті қажет болған жағдайда іздестіру жұмысына өзге құрылымдар жұмылдырылуы мүмкін екенін нақтылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық ТЖД Жангелдин ауылында Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтағанын хабарлаған еді.
ТЖД іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, полиция белгілеген барлық учаске толық тексерілгенін мәлімдеді. Әзірге полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түспеген.
Айта кетелік, қаңтардың басында Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының – ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Облыстық ПД жариялаған бағдарға сәйкес, Мақсот Қарабалинге, Нәсіп Өтешқалиеваға және Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевқа іздеу жарияланды.
6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Оның әйелі екеуінің қайда екені белгісіз. Оларға халықаралық іздеу жарияланды.
Сондай-ақ полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2332464-politsiia-atyrauda-oblysynda-zhogalgan-otbasynyng-qyzy-men-ulyn-izdeu-zhumysyn-zhalgastyryp-zhatyr/