jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Лақап атпен тіркелген белгісіз адам": Қарағандыда арнайы операция нәтижесінде екі әйел қамауға алынды

Қарағанды облысы полиция департаменті
Қарағанды облысы полиция департаменті. Кадр видеодан: youtube.com/@PolisiaKz

Қарағанды облысының полиция департаменті 14 қаңтар күні Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді. Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайынан әр түрлі телефон, электронды таразы, қаптама материал, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді. Атап айтқанда, жалпы салмағы шамамен 30-40 грамды құрайтын жасыл түсті спайс тәрізді зат салынған 30-дан астам орама, сондай-ақ ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар, жалпы салмағы 10 грамнан асатын орамдар анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың әрекетін "StroyKz09" лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Лақап атпен тіркелген белгісіз адам": Қарағандыда арнайы операция нәтижесінде екі әйел қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.