jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

40 градус аяз, қар, тұман: дүйсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

Қар
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстанның әр аймағында дүйсенбі, 19 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстістігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 22 градус қатты аяз күтіледі

Павлодар облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 40 градус қатты аяз сақталады. Өскеменде тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанайда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-27 градус қатты аяз күтіледі. Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өскеменде тұман күтіледі.

40 градус аяз, қар, тұман: дүйсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.