Баласын батареяға байлап, ұрған: Жетісу әкімдігі мәлімдеме жасады
Опубликовано:
Жетісу облысы әкімдігі өкілдері Панфилов ауданындағы баласын ұрып-соққан әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді. Ведомстводағылар балалардың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Панфилов ауданы баспасөз қызметінің басшысы тексерілмеген ақпаратты жариялап, артынша ол өшірілді. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР Оқу-оғарту министрлігі Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің бұған дейінгі берген ақпаратына сай, зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салсақ, кеше, 18 қаңтарда желіде жас әйел баласын жылу батареясына байлап қойып, ұрып-соққан сәт түсірілген видео тарады. Бейнежазбаға полиция қызметкерлері назар аударған. Тексеруден соң 28 жастағы Жаркент тұрғыны баласына дене жарақатын салды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды, ол ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2333151-balasyn-batareiaga-bailap-urgan-zhetisu-akimdigi-malimdeme-zhasady/