jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Интернет пен қоңырау шалу тегін: ЖИ министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген ел азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Ұялы телефон ұстаған адам
Ұялы телефон ұстаған адам. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіні өкілдері Таяу Шығыс елдерінде жүрген ел азаматтарын қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шетелде жүрген қазақстандықтардың жақындарымен тұрақты байланыста болып, мемлекет қолдауын сезінуі аса маңызды.

Осыған орай, еліміздің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттері іске қосылды", - делінген министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бұл пакеттер Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарға интернетті тегін қолдануға және тегін қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайтынан немесе мобильді қосымшалар арқылы білуге болады.

"Азаматтарды Қазақстан Республикасының ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын ұстануға, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына ерекше назар аударуға шақырамыз.

Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстайды және серіктестермен бірлесіп, шетелдегі отандастарымызға тұрақты байланыс пен қажетті қолдауды қамтамасыз ету бағытында жұмысты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Интернет пен қоңырау шалу тегін: ЖИ министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген ел азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.