ІІМ "жедел хабарландырудың" таралуына қатысты қазақстандықтарды абай болуға шақырды (фото)
Опубликовано:
Читать на русском
Желіде Ішкі істер министрлігінің "шұғыл хабарландыруы" тарала бастады. Министрлік бұл хабарландыру жалған екенін ескертіп, абай болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан "шұғыл хабарландыруда" Ішкі істер министрлігі өкілі мигранттар мен Қазақстанда балаларды ұрлау жағдайлары туралы сөз етіп, сақтық шараларын қолдануға шақырады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мұндай хабарландыру таратпағанын және ондағы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - діленген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2349369-iim-zhedel-habarlandyrudyng-taraluyna-qatysty-qazaqstandyqtardy-abai-boluga-shaqyrdy-foto/