jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Air Astana Таяу Шығысқа қатысты рейстер бойынша маңызды хабарландыру жасады

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana Таяу Шығысқа қатысты рейстер бойынша жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Жиддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызға дейін (қоса алғанда) тоқтатады, ал билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанға) сатылмайды", - делінген әуекомпаниясы таратқан хабарламада.

Әуекомпаниясының өкілдері жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын және жолаушыларды алдағы өзгерістер туралы жедел хабардар ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Туристік Қамқор" қорының төрайымы Парсы шығанағындағы елдерде 4 мыңнан астам қазақстандық турист бар екенін айтқан еді.

Air Astana Таяу Шығысқа қатысты рейстер бойынша маңызды хабарландыру жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.