jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанға гүлдер қай елдерден жеткізіледі

гүл
Гүл шоқтары. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанға әкелінетін гүлдердің қай елдерден импортталатыны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ долларына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.

Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9 пайызы немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген.

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:

  • Қытай – 2 678 тонна
  • Нидерланд – 1 702 тонна
  • Колумбия – 778 тонна
  • Кения – 739 тонна

Былтыр гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері (6 219 тонна) импортталған.

Қазақстанға гүлдер қай елдерден жеткізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.