jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

FlyArystan ұшағы құстарға соқтығысты (видео)

Ұшақ
Ұшақ. Кадр: threads.com/@hamster.9343557

Астана-Шымкент рейсінің жолаушылары ұшақ кешігіп жатқанына шағымданды. Олардың айтуынша, рейc бірнеше рет кейінге шегерілген. Әуе компаниясы ұшақ құстарға соқтығысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана әуежайында түсірілген видеоны Threads-те hamster.9343557 атымен тіркелген азамат жариялады.

"2026 жылғы 23 мамыр, Астана-Шымкент рейсі. Ұшақтың қозғалтқышы ұшу алдында жөнделіп жатыр. Рейс сағат 19:40-тан 20:30-ға, артынша сағат 22:30-ға ауыстырылды. Адамдар күтіп тұр. Нақты жауаптар да, борт та жоқ. Бортты ауыстыру жоспарланып отырған жоқ, 100 адам қозғалтқыштың жөнделгенін күтіп отыр.

Адамдар шу шығарып, бұл бортқа отырудан бас тартып, билеттері үшін ақшаларын қайтарып алмай жатыр", - делінген жазбада.

Посмотреть в Threads

FlyArystan компаниясының мәліметі бойынша, 2026 жылғы 23 мамырда Астанадан Шымкентке ұшатын FS 7309 рейсі құстарға соқтығысқандықтан кешіктірілген.

"Ұшақты әрі қарай пайдалануға рұқсат ету үшін келтірілген залал бағаланып жатыр. Гейттегі жолаушыларға су берілді, сонымен қатар тамақ та берілетін болады.

Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі FlyArystan үшін басты басымдық болып қала береді", - деп түсіндірді әуе компаниясы.

FlyArystan ұшағы құстарға соқтығысты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.