jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Барлық жігітке үлгі": Астанада 55 жастағы ұстаз 13,5 тонналық автобусты сүйреп, рекорд орнатты (видео)

Астаналық ұстаз
Рекорд орнату сәті. Кадр: Instagram / naz_pahman

Астанада бастауыш сынып мұғалімі салмағы 13,5 тонна болатын автобусты жалғыз өзі сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұстаздың рекорд орнатқан сәтінен видеоны "Хабар" арнасының журналисі Назгүл Пахман Instagram парақшасында жария еткен.

"№50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова №1 Автобус паркінде салмағы 13,5 тонна болатын автобусты 15 метрге сүйреп, жаңа рекорд жаңартты", - делінген журналистің жазбасында.

Видеода журналист 55 жастағы мұғалімнің автобусты сүйреген сәтінің куәсі болып, оны құттықтап, сұрақтар қояды.

Рекорд орнатқан Айгүл Ержанова журналистке сұхбат беріп, бұл жеңісін мектеп бітіруші түлектерге арнайтынын жеткізді.

"Арманымның орындалғанына қуаныштымын. Осы орнатылған рекордты мектеп бітіріп жатқан түлектерге сәтті сапар ретінде арнаймын", — деді ұстаз.

Сонымен қатар ол жаттығуларын мұнымен тоқтатпайтынын айтты.

Желі қолданушылары мұғалімге ақ тілектері мен құттықтауларын жаудырып жатыр.

"Айгүл ханым! Қазақтың батыр ханшайымы! Керемет, жарайсыз, құтты болсын! Рекордтарыңыз жаңара берсін!", "Не деген керемет! Құтты болсын, Айгул ұстаз! Жай қарағанда сізді осындай қара күштің иесі демейсің. Текті ата-ананың перзенті! Аман болыңыз!", "Барлық жігітке үлгі", - деп жазды пікір қалдырушылар.

"Барлық жігітке үлгі": Астанада 55 жастағы ұстаз 13,5 тонналық автобусты сүйреп, рекорд орнатты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.