Тәуелсіздік күні қазақстандықтар 4 күн демалады

Опубликовано:

Республикамыздың тәуелсіздігі мерейтойын мерекелеуге байланысты биыл қазақстандықтар төрт күн демалады.

Президенттің Орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев бұл ақпаратты ресми растады.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік күні қазақстандықтар 15-нен 18-нші желтоқсанға дейін демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар үшін 15-нші желтоқсан - жұмыс күні болып есептеледі.

Әбиболлаев сондай-ақ, 13 желтоқсанда Елбасының қатысуымен мерекелік шаралар басталып кететінін жеткізді.

Қазақстанның тәуелсіздік күні жалғыз ұлттық мереке болып табылады. Қазақстан заңнамаларына сәйкес Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан болып жарияланған, және де бұл мереке екі күн, яғни 16 және 17 желтоқсанда тойланады.

"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/241608-teuelsizdik-kyni-kazakstandyktar-4-kyn-demalady/