Елімізде садақа қабылдайтын алғашқы терминал орнатылды

Опубликовано:

Алматының орталық мешіті жанында садақа қабылдайтын алғашқы терминал орнатылды.

Енді Алматы, Талдықорған қалаларында орнатылған электронды терминалдар арқылы бес парыздың бірін өтеудің мүмкіндігі туды.

"Зекетті айтып өтейін ол малдан, жеміс-жидектен алынады. Ал оны беру ауылда тұратындарға қиын. Сондықтан олар ҚМДБ жанындағы осындай технологиялар арқылы бере алады", - дейді зекет қорының референті Марс Смағұлов.

Жыл соңына дейін тағы 3 қалада осындай төлем терминалдарын орнату жоспарланған. Ал алдағы уақытта мұндай құрылғымен өзге өңірлер де жабдықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/264566-elimizde-sadaka-kabyldajtyn-algashky-terminal-ornatyldy/