Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне шұғыл жөндеу жұмыстары қажет

Опубликовано:

Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне шұғыл жөндеу жұмыстары қажет. Мұндай мәлімдемені "Қожа Ахмет Ясауи" кесенесін қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жантемір Әлімов жасады.

Оның айтуынша, қасиетті тарихи жәдігердің жағдайы мәз еместігін еліміздегі және Ресейдегі бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының тұжырымдамалары айғақтап отыр.

Қоғамдық көшбасшының байламынша, мәселе кесененің жасында емес көрінеді, бар гәп бұған дейін оны қалпына келтірген реставраторлардың сапасыз жұмысына тіреледі.

Қазіргі реставраторлардың дәйектеріне сүйенсек, кесенедегі бұған дейінгі жөндеу жұмыстарының салдарынан желдеткіш шахталар жабылып қалған. Оларды қайта қалпына келтіру үшін мамандар көне асхананың бөлігін бұзуға мәжбүр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кесенеде қалпына келтіру жұмыстары қызу жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/269277-kozha-ahmet-yasaui-kesenesine-shygyl-zhondeu-zhymystary-kazhet/