Қызметкерлерін еврей, хохол деп атаған шенеунік орысша түсінбейтінін айтты
Опубликовано:
Қарағандының бас еңбек инспекторы қарамағындағыларды балағаттады деп басы дауға қалды.
Бастықтан естіген боқауыз сөздерді қызметкерлер бір парақ қағазға тізіп, тәртіптік кеңеске жолдаған. Еңбек тәртібін қадағалайтын маманның тәртібін қараған кеңес оған ақыры қатаң сөгіс жариялады деп хабарлайды КТК арнасы.
Асқарбек Шынтасов қарамағындағылардың апшысын қызыл тілмен қуырады. Айқаймен әңгіртаяқ орнатып, шошқа бағушыларға, топасқа, қала берді хохол, еврейсіңдер дейді екен. Бұл - көрген құқайларын қағазға тізген шағымданушылардың жазғандары.
Ал бастық болса, көре алмайтындар сыртымнан осылай аяқтан шалып отыр деп шаң жуытпады. Нақты, атқарған жұмыстан кінәрат таппағандар қатын өсектен домалақ арыз жасады дейді.
Айтуынша, жұмыс кезінде ешкімді орыс тілінде балағаттаған емес. Және де еврей десем, қызметкердің талпынысы мен ұқыптылығына берген бағам болатын дейді ол.
"Свинопас" деген сөздерді айтпаймын. Оның дегенің не екенін білмеймін мен, ол сөзді түсінбеймін да. Мен қазақша ұрсуым мүмкін. Мен орысша білмеймін. Мен қазақпын. Ал анау Черный мені еврейсің дейді депті. Ол өзі менің жазуыма қарайды да: "У тебя еврейское мышление, еврейский подход" дейді. Я не знал что это оскорбление. Аманбаев та маған еврейсің дейді", - деді Қарағанды қаласының бас еңбек инспекторы Асқарбек Шынтасов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/272079-kyzmetkerlerin-evrej-hohol-dep-atagan-sheneunik-oryssha-tysinbejtinin-ajtty/