Отарсыздандыру саясатына қарсы күш немесе оралман деген кім?
Опубликовано:
Бүгіндері бұл терминді отандастар, бауырлар деген ұғыммен балама жасау қажет деген пікір бар болғанымен, халық арасында қалыптасып кеткендіктен, кейінгі көші-қон заңына өзгеріс енгізушілер сол күйінде қалдырды, деп жазады "Түркістан" газеті.
"Егер оралманды қазақ деген сөздің аясында, яғни шетелден өз еліне оралған байырғы қазақ, салт-дәстүрін, ескі қазақ мәдениетін Отанына әкелген ағайын деген ұғымда түсіндірсек, қоғамда ешқандай жік, бөлінушілік, алауыздыққа орын қалмайды. Бір сөзбен айтқанда, оралман деген ұғым тәуелсіздіктің арқасында қоғамда пайда болған қазақ ресурсы, адам капиталы, отарсыздандыру процесінің құрамдас бөлігі, азат Отанына кірпіш болып қаланушы деген мағыналы атау" делінген аталған мақалада.
Мақала авторының дәлелдеуінше, оралман – қазақ тілін тұтынушы, қазақы кәсіп-нәсіпті жаңғыртушы, демек, ол орыстанған қоғамды қазақтандырушы соны күш, асыл тек. Яки, шетелдегі қазақ отаршыл империялардың жерімізді қақ айырып зорлықпен шекара тартуынан, соңғы кездегі сталиндік зұлматтың құрбанына шалынуынан болып елінен қуылушы.
Олар – Мұстафа Шоқай, бірі – Зият Шәкәрімұлы, бірі – Халифа Алтай, бірі – Қажығұмар Шабданұлы, бірі – Мұстафа Өзтүрік.
Сонымен қатар, ол "Бүгіндері оралман деген ұғым нағыз патриот, қазақы салт-дәстүрді жаңғыртушы, ата ділдің, ана тілдің жанашыры деген кең аяда қоғамдық санада қалыптасты. Оралман қандасын қолдау – бауырмалдылық пен мейірбандылықтың, кісіліктің, қазақы дарқандық пен намысқойлықтың үлгісі ретінде ел ішінде кең өріс алды. Бұл тамаша құндылық – тәуелсіздіктің ең негізгі олжаларының бірі екендігі айдай әлемге әйгіленді" деп тұжырым жасайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/274201-otarsyzdandyru-sayasatyna-karsy-kysh-nemese-oralman-degen-kim/