Семейде мұхит жағалауына тән алып торнадо болды
Опубликовано:
Солтүстік Америка құрлығына тән торнадо Шығыс Қазақстанда көтерілді деп хабарлайды КТК арнасы.
Семей-Өскемен тас жолы бойындағы тіркелген тосын құбылысты жолаушылар ұялы телефонға түсіріп үлгерген.
Табиғаттың ерекше құбылысы шамамен 1 сағатқа созылған. Куәгерлердің айтуынша, биікке көтерілген құйын Украинка елді-мекенінің маңындағы тоғайда ағаштарды құлатып, ауылға тартылған электр бағандарын құлатқан.
Бұрын-соңды көрмеген дауылдан қорыққан жолаушылар оның тоқтағанын күтіп біраз тұрған. Жел саябырсыған соң ғана ары қарай сапарын жалғастырыпты.
Синоптиктер болса, Шығыс Қазастанда торнадо найзағайлы бұлттардың қоюлануының әсерінен туындағанын айтуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/274649-semejde-myhit-zhagalauyna-ten-alyp-tornado-boldy/