Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Google өз жүйесіндегі қазақ тілді аударма сапасын тестілеуді бастады

Опубликовано:

Google Translate (Гугл аудармашы) аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы тестілеу кезеңіне өтті, деп хабарлайды "WikiBilim" қоғамдық қоры.

Жақында Google компаниясы арнайы тестілеу бөлімін құрып, қазақ және ағылшын тілдерін білетін қолданушылардан Google Translate командасына қазақ тілін жүйеге қосу мақсатында көмек көрсетулерін сұрады.

Үндеуде былай делінген: "Сіз қазақ және ағылшын тілдерін білесіз бе? Онда Google Translate-ке қазақ тілін қосуға көмектесіңіз!", "Сәлем! Google Transate-ке қазақ тілін қосу үшін көмек берулеріңізді сұраймыз". Google Translate – Google компаниясы шығарған тілдер арасында автоматты түрде аударма жасайтын тегін қызмет.

Ол адамның қатысуын талап етпейтін озық технология негізінде жұмыс істейді. Егер Сіз машиналық аударма туралы және бідің аударлармалардың қалай жасалатындығы жайында білгіңіз келсе, мына бетке өтіңіз. Қазіргі таңда Google Translate 71 тіл арасында аударма жасау мүмкіндігіне ие. Біз бұл тізімді ұлғайтуға күш салудамыз.

Сіздің көмегіңізбен қазақ тілі жүйеге енген келесі тіл болуы мүмкін. Егер Сіз қазақ және ағылшын тілдерін білетін болсаңыз, онда жасалған аудармалардың сапасын анықтауға көмектесе аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/277818-google-oz-zhyjesindegi-kazak-tildi-audarma-sapasyn-testileudi-bastady/