ОҚО тұрғыны оқуға түсу үшін бүйрегін саудаға салды
Опубликовано:
ОҚО-да 750 мың теңгеге бүйрегін сатамын деп бір жігіт жарнама берді, деп жазады өңірлік "Замана" газеті.
"Жігіттің жарнаманы екі ай бұрын берген, осы уақытта екі адам хабарласқан, тіпті бір адам сатып алуға құлық білдірген" деп жазады тосын жарнама берушімен тілдесіп көрген басылым тілшісі.
"Бүйрек ауыстыру операциясы шетелдерде 80-150 мың доллар арасында тұрады екен. Мен бүйрегімді 750 мың теңгеге сатамын деп ойлап едім", - дейді ағзасын саудалаушы жігіт.
"Егер алушы табылса, мүше сатқан ақшаға оқуға түсетін едім. Машина да керек", - дейді ол.
Жігіт медициналық тексеруден өтпесе де, сау екендігіне сенімді. Бұрын ауырмаған, аздап темекі шеккені бүйрекке әсер етпейді, деп санайды.
Естеріңізге сала кетсек, елімізде ағзаны сатуға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда ерікті түрде донорлыққа шектеу жоқ. 2012 жылы ересектер мен балаларға 90 астам трансплантация жүргізілген (бүйрек, сүйек кемігі, жүрек, ұйқы безі).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/278033-oko-tyrgyny-okuga-tysu-yshin-byjregin-saudaga-saldy/