ОҚО-да хал үстінде жатқан науқастар ұйықтататын дәрі берген

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би аудандық ауруханасында оқ жарақатымен түскен науқас айықпастан көз жұмған.

Алайда марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуынша, 26 жастағы Думан Тастанбековке дер кезінде көмек көрсетілгенде оны аман алып қалуға болар еді. Дегенмен, дәрігерлер өздеріне тағылған кінәмен келіскісі жоқ. Науқас алған ауыр жарақатынан көз жұмды деп шаң жуытар емес.

Ақ халаттыларға ашынып, ана жүрегімен баласын жоқтап, егілген Сара Дәржігенованың  марқұм Думан  кенже ұлы. Құлынын осы айдың 14 күні қызының үйіне жұмсап, содан қайта оралмаған.

Естуінше ұлының аяғына біреулер оқ атып, Төлеби аудандық ауруханаға жеткізіпті. Онда ол жеті сағат жатып 15- тамыз таңғы 6:40-та бақилық болған. Ал, жас жігіттің әкесі -дәрігерлер Думанды қолдан өлтіріп деп отыр. Өйткені, марқұмның ауыр жарасына қарамастан ақ халаттылар оған ұйықтататын дәрі берген көрінеді.

"Балама кеше айтты ғой ұйықтататын укол салдық деді. Өзі өлейіндеп жатқан балаға ұйықтататын укол салама адам?Ал, Ленгір қалалық аурухана дәрігерлері ұйықтататын дәрі жайлы бізге тіс жармады. Олар -жас жігіт бізге өте ауыр халде жеткізілді. Біз қолымыздан келгенді жасадық дейді", - дейді марқұмның әкесі.

Десе де Төлебилік прокурорлар дәрігерлердің сөзімен келіспейді. Олар аурухананың қабылдау бөлімінде тұрған бейнекамера жазбасын қарап, Думан емханаға жеткізілген соң еденде қараусыз үш минут жатқанын аңғарған. Сонымен қатар, жарадарға 18 минут бойы алғашқы медициналық көмектің көрсетілмегенін айтады. Сөйтіп, ішкі істер органы 103- бап бойынша қозғаған қылмыстық іске 114- бап қосылған.

 Думанға оқ атқандарды әлі күнге полицейлер анықтай алмаған. Күдіктілерді аурухана бейне камерасынан да  аңғару мүмкін болмапты. Ал,  марқұмның  анасы балама оқ атқандарды кешірсем де, дәрігерлерді кешіре алмаймын дейді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/279813-oko-da-hal-ystinde-zhatkan-naukastar-yjyktatatyn-deri-bergen/