Сақталу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 200 мың қалбыр көкөніс тәркіленді
Опубликовано:
Оңтүстікте консервіленген көкөніс те заңсыз саудаланған. "Көкөніс-Пром" мекемесінің қоймасын табылған 200 мың қалбыр көкөністің сақталу мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті.
Цехтің өзін үлгілі деп айтуға аузың бармайды. Бүкіл жерде шашылып жатқан жеміс-жидек, сасыған ванналарда жуылып, сосын бірден банкілерге салынып отырған деп хабарлайды КТК арнасы.
Сантиралық құқықтар мен сәйкестік сертификатын мұндағылар мүлде білмейтін болып шықты.
Цех аумағынан прокурорлар 200 мың қалбырдағы өнімнен бөлек, тағы қияр жабылған 100 мыңнан астам иран өнімдерін тапты. Шетелдік тауардың мерзімінің өтіп кеткеніне 3 жыл болған екен.
Қазір, пысықайлардың бұлардың қаншасын сатып үлгергені тексеріліп жатыр. Қалай болғанда да, мекеме басшылары қатаң жазаға тартылатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/285466-saktalu-merzimi-eldekashan-otip-ketken-200-myn-kalbyr-kokonis-terkilendi/