Қазақстан меценаттары өзбектерден сараң болып шықты
Опубликовано:
Дүниежүзілік жеке қайырымдылар рейтингісінде қазақстандық меценаттар 66-орынды иеленді. Тәуелсіз сараптама жүргізген қоғамдық ұйымдар осындай қорытынды жасапты.
Қазақстанның алдында Сингапур ал артында Суринам мемлекеті тұр. Бір өкініштісі рейтингті жасағандар мемлекеттердің қайырымдылыққа қанша ақша аударатындарын жазбаған. Мамандар жүргізген есеп бойынша бойынша әлемде қайырымдылықтан түсетін қаражат артқан.
Экономикалық өсімнің құлдырағанына қарамай, қайырымдылық мөлшері артып отыр. Мұқтаж адамдарға тікелей көмек көрсететіндер 2011 жылы 45% болса, 2012 жылы 47%-ға артқан.
Орталық Азия мемлекеттері арасында қайырымды жандарға бай ел Түркіменстан, ол рейтингте 23-орында. Одан кейін Өзбекстан – 50, Тәжікстан – 64 және Қырғызстан – 73 орынды иеленген. Рейтингті жасаушылардың мәліметіне сүйенсек, Орта Азия мемлекеттері еріктілер қозғалысы тараған топ-10 елдің қатарында.
Түркіменстан бұл тізімде 1-орында. Бұл елде халықтың 57%-ы мұқтаж жандарға көмектеседі екен. Түркіменстан – әлемде халқының жартысынан басым бөлігі қайырымдылық беретін жалғыз ел болып отыр. Ал әлемдік рейтингтің басында АҚШ тұр. Одан кейінгі орындарға Канада, Жаңа Зеландия және Мьянма жайғасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/293337-kazakstan-meczenattary-ozbekterden-saran-bolyp-shykty/