Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның көп аумағында қар жауып, көктайғақ болады

Опубликовано:

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 5 желтоқсанда Қазақстанның көп аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі "Қазгидромет" РМК-іне сілтеме жасай отырып.

"Республикада қар жауады, оңтүстік және оңтүстік шығысында тауларда көктайғақ болады, жел күшейеді, еліміздің солтүстік батыс бөлігінде бұрқасын соғады", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің ұйытқып соғуы 15-20 м/с-ге жетеді, кей жерлерде боран соғады, Павлодар облысының кей жерлерінде көйтайғақ болуы ықтимал. Ақтөбе, Қостанай, Cолтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріндt боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстанда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ге жетеді, Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, жер тайғақ ал, желдің жылдамдығы 17-22 метр секундқа жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырауской облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болмақ, Маңғыстау, Атырау облыстарында жер тайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің қарқыны 15-23 м/с-ге жетіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 18-23, тіпті 30 м/с-ге дейін жетпек.

Алматы облысында тұман түсіп, түнде Жалаңашкөл маңында желдің жылдамғы 18-23 м/с-ге жетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/293357-kazakstannyn-kop-aumagynda-kar-zhauyp-koktajgak-bolady/

pixel