"Балапан" мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды
Опубликовано:
Қазақстанда "Балапан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін ұзартылды.
"Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы бекітілсін", - делінген қаулының мәтінінде.
Бағдарламаның міндеттері 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; "республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру - деп хабарлады newskaz.kz.
"Бағдарламаны 2014 – 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд 536 млн теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен – 41 млрд 242 млн теңге; жергілікті бюджет есебінен – 149 млрд 294 млн теңге", - деп көрсетілген бағдарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/297410-balapan-memlekettik-bagdarlamasy-2020-zhylga-dejin-yzartyldy/