Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Челах "Арқанкерген" оқиғасы туралы кітап жазбақ

Опубликовано:

Өмір бойы бас бостандығынан айырылған бұрынға шекарашы Владислав Челах, "Арқанкерген" заставасында орын алған нақты оқиғалар туралы кітап жазбақ.

Бұл туралы Челахтың анасы Светлана Ващенко мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz сайты.

Соталушының анасының айтуына қарағанда өз жоспары туралы ұлы оған 2-ақ сағатқа созылған кездесулердің бірінде айтқан.

"Владислав өз адвокатымен ақылдасты, қазыр ол шығармашылық жұмысқа кірісуге дайын, ұлымның жанында қарулы күзет тұрды сондықтан бөлменің ішінде емін-еркін сөйлесуге мүмкіндік болмады", - дейді Светлана Ващенко.

Онымен қоса анасы ұлының түрмедегі жағдай жақсы екендігін, оның әлі де еркіндікке шығуға үміті бар екендігін, өзімен бірге тағы екі камералас сотталушының отырғандығын да айтқан. Сондай-ақ, Челахтың анасы қазір интернетте қаптап жүрген "Челах бостандықта екен, Германияда тығылып жатыр екен" деген сияқты жел сөздердің өтірік екендігін, мұндай сыбыстардың барлығы кезекті арандату шаралары екендігін де жеткізіпті.

Естеріңізге сала кетейік Владислав Челах 2012 жылдың мамырында "Арқанкерген" шекара бекетінде болған қанды оқиғаға кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Қазыр қылмыскер жазасын Қостанай облысы, Жітіқара қаласының маңындағы "Қара бүркіт" колониясында өтеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/297954-chelah-arkankergen-okigasy-turaly-kitap-zhazbak/