Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан – 2050" Стратегиясының жаңа логотипінде ұлттық құндылықтар суреттелді

Опубликовано:

"Қазақстан - 2050" Стратегиясының жаңа логотипіндегі белгілер елдіктің түпкі негіздерін көрсетеді. Логотип бейнесі халқымыздың құндылықтарын еске түсіреді.

Президент стратегиясының логотипі мемлекеттік Елтаңба, шаңырақ, киіз үйдің жиналатын керегесі, сайын даладағы күн шұғыласы, тұңғиық теңіздің тереңдігі, туысқан аға-іні мен ана-сіңлілердің, әке мен баланың, елдің бүкіл тұрғындарының бір-бірінің қолын қысуы секілді ұлттық нақыштардан сыр шертеді. 

Белгінің маңыздылығы – бірлікте, демек, қуаттылықта. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі – бірлік тоғысы. Ол қазақ ұғымындағы бірігу мен тұтастық белгісін білдіретін заттардың жарасымынан көрініс беретін үйлесім мен бірлесу идеясын көрсетеді.

Логотипке негіз болған бірінші нәрсе – шаңырақ. Оның кескінін елтаңбадан таба аламыз. Шаңырақ – аспан белгісі, отбасы, ошақ қасындағы туған аспанның кішкентай бөлігі. Біздің аспанымыз – біреу, ортақ үйіміз Қазақстан – біреу, ортақ ұлттық идеямыз – 2050 Стратегиясы – біреу.

Шаңырақ сөзінің түбірі "шаң" – "күн" сөзінен шыққан. Сондықтан да бұл сөзді бір аспан мен күн астында бейбітшілікпен және келісіммен өмір сүріп жатқан қазақстандықтар бірлік белгісі деп қабылдайды, деп жазады "Ана тілі" газеті.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінде қазақ киіз үйінің жеңіл де нық негізі саналатын керегені де көруге болады.  Сондай-ақ бір-бірімен қабаттаса келген сызықтардан біз байланыстардың беріктігін, мызғымас достықты және түсіністікті көре аламыз. Ол ағалар мен әпкелердің, әкелер мен балалардың, еліміздегі барлық адамдардың қол алысуын білдіріп тұр.

Сондықтан біріге, бірлесе отырып, қазақстандықтар алға қойылған мақсаттарды орындай алады және елді даму мен дәулеттіліктің жаңа деңгейіне шығара алады. Белгінің маңыздылығы – бірлікте, демек, қуаттылықта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/299573-kazakstan-2050-strategiyasynyn-zhana-logotipinde-ylttyk-kyndylyktar-suretteldi/

pixel