Қоғамда жігіттердің сұлу қыздармен араласуға қорқатыны белгілі болды
Опубликовано:
Қоғамда кейбір жігіт батыл әрі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы болса да, ұзақ уақыт бойы өзіне ұнаған қызбен танысуға жүрексінеді.
Кей бозбалалар достарының ортасында көңілді жүріп, сөзі де өтімді болып, әрдайым бірінші болуды жөн көрсе де, бәрібір таныса алмайды. Осы секілді қыз алдындағы қорқыныштар психологиялық деңгейде түсіндіріледі, деп жазады Massaget.kz сайтында.
Бірінші кезекте кез келген жігіт менімен таныспай қояды ма деп қорқуы мүмкін. Яғни таныспай қойған жағдайда өзінің дәрежесін түсіргісі келмейді. Дәл осылай "жігіттік намыс" өз рөлін атқарады. Әрбір жігіт басшы болуды, қыздардың алдында дәрежесінің жоғары болуын қалайды. Алайда ұсыныстары жауапсыз қалса, жағымсыз эмоциядан арыла алмауы мүмкін.
Екіншіден, шынымен де әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмен болуы үлкен рөл ойнайды. Ата-анасы "жат жұртқа жаралған жалғызым" деп алақанына салып аялап отырған қыздың қымбат әшекейлерін, косметикасын, бағалы киімдерін көрген жігіт өзін оған лайық еместей сезінуі мүмкін. Артынша біраз уақыт өзінің отбасымен салыстырып жүреді.
Үшіншіден, қыздың жігіті бар ма деген ой келуі мүмкін. Өзі сұлу, өзі көркем, сымбаты да келіскен, сөйлеу мәнері де ерекше. Осындай қыздың жігіті болмауы мүмкін бе?
Сұлу қыздың жүрегін жаулап жүрген бір ханзадасы бар шығар деген қорқыныш болады.
Төртіншіден, жігіттің бойын өзіне деген сенімсіздігі билеп алады. Ол сенімсіздігі талғамы мен көлігінің, қымбат сағаттарының жоқтығы, киімінің арзандығымен байланысты болуы мүмкін. Яғни, өзімнің сыртқы келбетім оған лайық емес деп ойлайды.
Сондай-ақ, жігіттер интеллектуалдық деңгейінің сәйкес келмей қалатынынан да қорқады. Өткеннен хабары бар жігіт ғұламалардың барлығы ер адам болғандығын біледі де, қызының өзінен ақылдырақ болғанын қаламайды. Осылайша өзінің сүйгенінен біржолата бас тартады.
Осындайда бұл қорқыныштардан қалай арылуға болады? деген сұрақтың туындауы да заңды. Олардың ішіндегі ең үлкен қорқыныш өзіне деген сенімсіздікпен байланысты. Ал сенімсіздік дегеніміздің өзі не? Оның жауабын әлі ешкім тексеріп көрмеді.
Сол себепті қандай жағдай болмасын, күш-жігерді жинап, бірінші қадам жасап көру керек. Осы алғашқы қадамның арқасында ғана жігіттер көптеген күдікті ойдан арыла алады. Жолы болып жатса, оған ары қарай ұнаудың амалы табылады.
Қалай дегенмен, сыртқы көрініс, көп ақша, ЖОО-дағы ең қымбат білім өзіңізге деген сенімділікпен, батылдықпен, күшіңізбен, ер жігітке лайық намысыңызбен теңесе алмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/301364-kogamda-zhigitterdin-sylu-kyzdarmen-aralasuga-korkatyny-belgili-boldy/