Сығандар "саудасын жүргізіп беруді" сұраған ақтөбелік саудагердің өзін дуалап тастаған
Опубликовано:
Сығандарға сенемін деп сан соғып қалды. Ақтөбелік саудагер бірнеше ішігі мен қымбат әшекейлерін сығандарға апарып, "саудасын жүргізу" үшін дуалап беруін сұраған.
Ақыры, қымбат тауарларынан көз жазып қалыпты деп хабарлайды КТК арнасы. Енді "ұрлық жасадың" деп өзін жауапқа тартып жатыр. Мәрияш Тастамбетова кәсіби алаяқтардың құрығына түскен.
Клиент тартып, саудасын жүргізу үшін көзбайлаушылардың көмегіне жүгініпті. Бірнеше тоны мен ішігіп апарып, тауарын дуалап беруді өтінген. Бірақ сеніп барған сығандары, өзін сан соқтырып кетіпті. Алаяқтарға алданғанын гипноздың күші кеткеннен кейін бір-ақ білген.
Кейін көзбояушылар Теміртау қаласында қолға түсіп, ішік-тондарын қайтарғанымен, алтындарын алып қалған. Ең қызығы, алаяқтардың арбауына полицейлер де түссе керек, олар сығандарды қоя беріп, "ұрлық жасадың" деп Мәрияштың өзін қамап тастаған.
"Емшімін деп өзін таныстырды. Лицензиясына үңіліп қараған жоқпын. Заттарымды беріп кеткем. Олар қашып кетіпті", - дейді күдікті Мәрияш Тастамбетова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/302091-sygandar-saudasyn-zhyrgizip-berudi-syragan-aktobelik-saudagerdin-ozin-dualap-tastagan/