Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық конькиші пәтерінен айырылып қалатынына алаңдады

Опубликовано:

Қазақстандық конкиші Роман Креч баспанасыз қалуы мүмкін. Олимпиада құрамасының мүшесі өзінің фейсбук парақшасында отбасы өз үйінен шығарылып жатқанын жазған.

Конкишінің Петропавлдағы сүрілетін үйінің орнына әкімдік құрылысы бітпеген бір бөлмелі пәтер беріпті.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин дабыл қағудың еш реті жоқ деп отыр.

Алайда Роман Креч үйінің қиратылатынын жасырмады. Себебі жоспар бойынша бұл жерде мұз айдыны бар спорт сарайы салынбақ. Ал әкімдіктегілер үйдің олимпиада қатысушысына тиесілі екенін білмеген.

Сондықтан басқарма басшысы Руслан Есеналин Романның өзі келгенше үй сүрілмейді, баспана мәселесі шешіледі деп сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/304390-kazakstandyk-konkishi-peterinen-ajyrylyp-kalatynyna-alandady/

pixel