Қазақ зиялылары ЮНЕСКО-ға ұсыныс жасамақ
Опубликовано:
Қазақстандық ғалымдар тарапынан ЮНЕСКО-ға 2016 жылды "Әлихан Бөкейхан жылы" деп атау туралы ұсыныс жасалмақ.
Бұл ұсыныс Астанада "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен "Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық "Алаш" идеясына дейінгі эволюциялық жол" атты республикалық конференцияның Қарарында қабылданды.
Конференцияға қатысушылар "ЮНЕСКО-ға 2016 жылды "Әлихан Бөкейхан жылы" деп сұрау туралы ұсыныс берілсін" деп Қарар қабылдады. Бұл Қарар алдағы уақытта ҚР Үкіметіне жолданбақ.
Айта кетейік, ЮНЕСКО-мен қатар 2016 жылы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын Қазақстанда мемлекеттік деңгейде атап өту туралы ұсыныс та осы Қарарға енгізілді.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Әлихан Бөкейханға елімізде көше, алаң, институт аттары берілгені дұрыс деп шешті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/305368-kazak-ziyalylary-yunesko-ga-ysynys-zhasamak/