Алматыда мереке қарсаңында раушан гүлінің бағасы шарықтап кетті
Опубликовано:
Өткен жылы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанға өзге елден 20 мың тоннадан астам гүл әкелініпті. Бұл шамамен 154 миллион долларды құрайды.
Орташа есеппен алғанда бүгіннен бастап Голландиядан әкелінген раушан гүлінің бір талы - 600 теңге. Шаһардағы гүл сататын орындардағы сөрелер де сырттан тасымалданатын гүлдерге самсап тұр.
"Әйелдер мерекесінің" негізі - 1857 жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің негізінде пайда болған. Олар - он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруді талап еткен. 1910 жылы Клара Цеткин біріккен ұлттар ұйымына 8 наурыз күнін әйелдер құқықтарын қорғау күні ретінде ұсынған.
Дегенмен, осы бір мереке қарсаңында бәрімізге белгілі әйелдерге сыйға берілетін гүлдердің бағасы шарықтап кетеді. Әдетте, гүл саудасы көктемде қызатын. Биыл да солай болғалы тұр. Себебі, Алматыдағы гүл дүкендері мен дүңгіршектерден бөлек, көше-көшеде гүл сататын орындар көбейіп барады.
Голландияда бiр раушанның орташа бағасы - 1 еуро. Ал Қазақстанға жеткенше оған сыртқа экспорттау бағасы мен жеткiзушiнің үлесi, саудагердiң үстемесі қосылып, 4-5 есе өскен.
Біздің еліміздегі шетелдік гүл қайдан келген? Қаладағы гүл дүкендерінің сатушыларына осы сұрақты қойсаң, бәрі де Голландия мен Германиядан әкелінгенін мақтаныш қылып айтады. Ал соңғы кездері қаладағы дүкендердің голландиялық деп, қытайлық гүлді сататындары жайлы жиі айтылып жатады. Бұл мәліметті сатушылар жоққа шығарды.
"Ондай мәліметті естіген жоқпын, бірақ қазіргі келіп жатқан адамдар бәрі голландиялық гүлдерге сұраныстарын айтып жатыр. Мысалы менде тек Голланд розалары өтіп жатыр. Бағасы да қол жетімді, қымбат емес",- деді саудагер Асхат Абдуллаев.
Қазақ даласында өскен қызғалдақты Голландияда өскен деген әңгіме жиі кездеседі. Алайда, бұл гүлдiң түпатасы - Тәңiртаудың "Грейг" аталып кеткен бiздiң елдiң қызғалдағы. Оған қазақтың тарихи жазбалар дәлел.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/305387-almatyda-mereke-karsanynda-raushan-gylinin-bagasy-sharyktap-ketti/