Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыстың ұлы күнін – аймақтарда кең көлемде атап өтуде

Опубликовано:

Ұлыстың ұлы күнін – аймақтарда да кең көлемде атап өтіп жатыр. Жер-жерден этноауылдар бой көтеріп, қазан қойылып, Наурыз-көже әзірленді деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәселен, Павлодарда ұлық мерекеде 50 мың бауырсақ пісіріліп, 12 мың табақ палау тартылған. Ал Семейде такси қызметі қала тұрғындарына ерекше құрмет білдіріп, клиенттеріне бір тостаған қымыз ішкізбей көлігінен түсірмейді. Сондай-ақ, қомқорлық пен мейірім де жасалар бұл күні көкшетаулық 45 отбасыға жеке пәтердің кілті табыс етілді.    Жыл басы - әз-Наурыз әспеттелетін жаңару күнін еліміз қашанда ерекше ықылыспен күтеді. Міне, биыл да төл мерекенің лебі басым. Батыс пен солтүстікте кете қоймаған суыққа, оңтүстікте тасқынға қарамастан.Павлодарда тұрғындарға әзірленген "Наурыз көже" үшін ұйымдастырушылар сараңдық танытпай, биыл думанды мерекеге 7 түрлі тағам қосылған ақтың мың литрін әзірлепті. Бұдан өзге 12 мың табақ палау мен 50 мың бауырсақ пісірілген. Оған 1 тонна ұн мен 6 мың жұмыртқа жұмсалыпты.

Павлодар қаласының тұрғыны Гүлнар Үйсінбаева: "Керемет болып жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет.  Ағы да мол, бауырсағы да, наны да,  палауы да мол. Осы күні түгелі жақсы тойып, қарындары қампиым, мәз-мейрам болып жүр", - деп ризашылығын білдірді.Көкше төрінде де қазан қойылып, көжеден дәм таттырылуда. Десе де ең қуанышты сәт мына кісілер үшін болған шағыр. Өйткені облыс әкімдігі биыл көптің алдында жеке баспанаға мұқтаж 45 отбасыға пәтер кілтін табыс етуді жөн көріпті.  

Басқасындай емес, ерте көктем жететін Сыр өңірінде думанның көркін концерттік бағдарламадан өзге, ұлттық ойын құмарлар қыздырып жатыр.

Ал Семейде такси жүргізушісі қала тұрғындарына ерекше қызмет түрін ұсынуда. Қыдыр ата кейпіне енген Вячеслав Незамудиновкөлігіне отырған әрбір клиентті кесе толы қымыз ішкізбей түсірмейді.  "Жаңа ғана 24-ші жолаушыны жеткіздім. Бауырсақ пен қымыз ұсындым. Өте көңілді кетті. Бұндай мерекеде адамдардың көңілі көтеріңкі болуы керек", - дейді қала тұрғыны Вячеслав Незамудинов.

Түркі дүниесінің төл мерекесі наурызбен қазақ 1988 жылы ғана қайта қауышты. Сол сәттен санасақ, ұлық күнді осымен 26-шы рет қарсы алып жатыр екенбіз.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/307085-ylystyn-yly-kynin-ajmaktarda-ken-kolemde-atap-otude/